GS1 Kazakhstan-ға мүше болу үшін құжаттар тіркелу кезінде db.gs1.kz жеке кабинетінде тіркеледі:
- ЖК: жеке куәлік және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе eGov анықтамасы;
- ЖШС, АҚ, ӨК, АӨК, ШҚ: мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе eGov анықтамасы, басшыны тағайындау туралы бұйрық, жарғы.
Өтініш пен шартқа кабинетте басшының ЭЦҚ-сымен қол қойылады, қағаз данасы қажет емес. Барлық қадамдар мен жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар — «Мүшелікке кіру тәртібі» бетінде.