2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда елге әкелінген немесе Қазақстанда өндірілген асыл металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа бұйымдарды міндетті таңбалау енгізіледі (№ 199-НҚ бұйрық).
| ЕАЭО СЭҚ ТН коды | Тауарлар |
|---|---|
| 7113 11, 7113 19 | Асыл металдардан немесе асыл металмен қапталған металдардан жасалған зергерлік бұйымдар және олардың бөліктері |
| 7114 11, 7114 19 | Зергер шеберлерінің бұйымдары және олардың бөліктері |
| 9111 10 | Асыл металдардан жасалған сағат корпустары |
| 9113 10 100 | Асыл металдардан жасалған сағат баулары, таспалары және білезіктері |
GS1 Kazakhstan-да не істеу керек
- GS1 Kazakhstan-ға мүше болып, компания карточкасында өнімнің негізгі түрін «Зергерлік бұйымдар» деп көрсету.
- Әр бұйым үлгісіне GTIN беріп, карточканы толтыру: атауы, бренді, металы мен сынамасы, салмағы, GPC сыныбы.
- Верификациядан кейін деректер Тауарлардың ұлттық каталогына беріледі, содан кейін таңбалау кодтарына тапсырыс беруге болады.
Барлық тауар топтары бойынша мерзімдер — «Тауарларды міндетті таңбалау: мерзімдер» бетінде.