The Global Language of Business
KK

GS1 Registry Platform және Verified by GS1

GS1 жаһандық тізілімі: GS1 Kazakhstan GS1 Registry Platform-ға тауарлар туралы қандай деректерді береді және GTIN-ді Verified by GS1 арқылы қалай тексеруге болады.

GS1 Registry Platform — GS1 жаһандық тізілімі, онда 100-ден астам елдің ұлттық GS1 ұйымдары берілген GS1 нөмірлері мен тауарлар туралы мәліметтерді сақтайды. Бұрын бұл жоба GS1 Cloud деп аталған. Verified by GS1 сервисі арқылы кез келген елдегі бөлшек сауда желілері, маркетплейстер және сатып алушылар штрих-кодтың заңды берілгенін және дәл осы тауарға тиесілі екенін тексере алады.

GS1 Kazakhstan тізілімге не береді

Қауымдастықтың әр белсенді мүшесі бойынша — лицензия туралы мәліметтер (компания префиксі, иесінің атауы және БСН/ЖСН). GTIN-і бар әр тауар бойынша — жеке кабинеттегі карточканың негізгі атрибуттары:

АтрибутЖеке кабинеттегі өріс
GTINШтрих-код
БрендБренд (тауар белгісі)
Тауар сипаттамасыФункционалдық атауы, суб-бренд, түрі
GPC жіктемесіӨнімдердің жаһандық жіктемесі
Нетто саныКөлемі / салмағы / бірлігі
Мақсатты нарықМақсатты нарық
СуретӨнім фотосы

Деректер карточка верификациядан өткеннен кейін тізілімге автоматты түрде жіберіледі. Сондықтан карточканың толықтығы мен дәлдігі шетелдегі серіктестеріңіз көретін ақпаратқа тікелей әсер етеді. Өрістерді қалай толтыру керектігі — «GTIN карточкасын қалай дұрыс толтыру керек» жадынамасында.

Компанияларды тексеру

GS1 ережелері нөмірлердің тек нақты бар компанияларға берілуін, ал нөмір иесі туралы мәліметтердің ресми мемлекеттік тізілімдермен тұрақты түрде салыстырылуын талап етеді. GS1 Kazakhstan мұндай тексеруді енгізуде: қауымдастық мүшелерінің деректері заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мемлекеттік тізілімімен салыстырылады, ал нәтиже GS1 Registry Platform-ға берілетін болады. Тиісті тармақтар қауымдастық мүшелерімен жасалатын шартқа енгізілген.

GTIN-ді қалай тексеруге болады

  • Verified by GS1 — gs1.org/services/verified-by-gs1 бетін ашып, GTIN нөмірін енгізіңіз: сервис лицензия иесі компанияны және тауар деректерін көрсетеді.
  • GS1 Kazakhstan-ның GTIN тексеру API қызметі — нөмірлердің көп санын автоматты түрде тексеруі қажет сауда желілері, маркетплейстер және ақпараттық жүйелер үшін. Толығырақ — «GTIN тексеру API қызметі» бетінде.

Егер тексеру нөмірдің табылмағанын немесе басқа компанияға тиесілі екенін көрсетсе, штрих-кодтың шығу тегін жеткізушіден нақтылау қажет: GS1-де алынбаған, делдалдардан сатып алынған нөмірлерді сауда серіктестері мойындамайды.

Cookie файлы на сайте

Мы используем файлы куки, чтобы пользоваться сайтом было удобно