Verified by GS1 көмегімен тексеріңіз
Сауда серіктестеріңізге өнімдер туралы нақты деректер қажет. Тұтынушылардың өніміңізге деген сенімі толық әрі шынайы ақпаратқа негізделген.
Біз деректер бизнесті басқаратын әлемде өмір сүріп жатырмыз. Электрондық коммерция сайттары тұтынушыларға миллиондаған тауар ұсынады, ал күн сайын физикалық дүкендерде миллиардтаған штрих-код сканерленеді. Өкінішке орай, бөлшек саудагерлер мен электрондық коммерция платформалары өнім туралы жалғыз сенімді ақпарат көзін пайдалана отырып, сатылатын тауарларды сенімді түрде тексере алмайды. Verified by GS1 көмегімен сіз: «Бұл шынымен де мен ойлаған өнім бе?» деген сұраққа жауап бере аласыз.
GS1 арқылы не тексеріледі?
Verified by GS1 – бұл компанияға берілген префиксті (GCP) тексеруден бастап, штрих-код (GTIN) туралы толық ақпаратты және өнім деректерінің негізгі атрибуттарын бірегей сенімді дереккөз — GS1 Жаһандық тізілімі арқылы тексеруге мүмкіндік беретін жаһандық қызмет.
«Verified by GS1» бүкіл әлемде электронды платформалар, бренд иелері және бөлшек саудагерлер тарапынан өнімдердің қайталануы, қате деректер және контрафакт (қолдан жасау) сияқты мәселелерді шешу үшін қолданылады. Сервис тауарға берілген бірегей штрих-код нөмірін — GTIN-ді (Global Trade Item Number) алты атрибутпен бірге тексеруге мүмкіндік береді, осылайша саудагерлер, бренд иелері және соңғы тұтынушылар арасындағы сенімді нығайтады.
«Verified by GS1» қалай жұмыс істейді? Бренд иелері өз өнімдері туралы ақпаратты GS1 жергілікті өнімдер дерекқоры (өнімдер каталогы) арқылы бөліседі, ал бөлшек саудагерлер мен электрондық коммерция платформалары бұл деректерге кез келген уақытта Verified by GS1 қызметі арқылы қол жеткізе алады.

Verified by GS1 қызметіне өнімдер туралы қандай деректер беріледі?
Verified by GS1 — бұл жүргізуші куәлігіне немесе паспортқа ұқсас өнімнің сәйкестендіру картасы. GS1 жаһандық тізіліміне енгізілген әрбір өнімнің бірегей штрих-код нөмірі және жеті негізгі атрибуты бар:
-
Жаһандық сауда бірлігінің нөмірі (GTIN)
-
Бренд атауы
-
Тауардың сипаттамасы
-
Өнім суретінің URL-мекенжайы
-
Жаһандық өнім классификаторы (GPC)
-
Нетто мөлшері және өлшем бірлігі
-
Өткізу нарығы