The Global Language of Business
KK

Служба API проверки GTIN

Служба API проверки GTIN предоставляет доступ к Глобальному реестру глобальных номеров торговых позиций (GTIN) GS1, что дает повышенную уверенность в том, что данные о связанных продуктах основаны на действительных GTIN.

GTIN тексеру API қызметі

GTIN — бүкіл әлемде бөлшек саудада, Amazon мен eBay сияқты маркетплейстерде және өнімді жылдам әрі қауіпсіз сәйкестендіру үшін денсаулық сақтау саласында қолданылатын тауарлардың базалық идентификаторы. GTIN тексеру API-і сіздің жүйелеріңізде қолданылатын GTIN нөмірлерінің дұрыс, жарамды және GS1 мүше ұйымымен лицензияланғанына көз жеткізуге мүмкіндік береді.

GTIN тексеру қалай жұмыс істейді

API тауарлар туралы деректердің сапасын басқаруға қажетті ақпарат береді. GTIN нөмірлерін тексеруге жібергенде, әрқайсысы бойынша жауап аласыз:

  1. GTIN құрылымы дұрыс па: ұзындығы, форматы және бақылау цифры.
  2. GS1 компания префиксі (GCP) бар ма және ол GS1-дің қолданыстағы мүшесіне берілген бе.
  3. GS1 Жаһандық тізілімінде (Verified by GS1) тауар туралы деректер бар ма: атауы, бренді, сипаттамасы, GPC санаты, нетто мөлшері, суреті, сату елі, сондай-ақ лицензия иесінің деректері.

Қазақстандық нөмірлер үшін (487 префиксі) жауап GS1 Kazakhstan жергілікті базасының деректерімен толықтырылады: иесінің БСН-і, карточканың толтырылуын тексеру нәтижесі және тауар карточкасына сілтеме. Әр нөмір бойынша жиынтық мәртебе бір өріспен қайтарылады: COMPLETE, INCOMPLETE, INACTIVE, DISCONTINUED, INVALID немесе UNKNOWN. Дұрыс емес нөмірлер үшін қосымша себеп коды мен түсіндірме келеді.

Қол жеткізуді қалай алуға болады

Қол жеткізу ECR Kazakhstan серіктестік платформасы арқылы бірнеше қадаммен беріледі:

  1. Өтінім. ecr.kz сайтындағы «GTIN тексеру API қызметі» жобасының бетінде компания деректері мен байланыс тұлғасын көрсетіп, өтінім беріңіз.
  2. Тестілік қол жеткізу. Өтінім мақұлданғаннан кейін  клиент кабинетінің логині мен құпиясөзін аласыз. Кабинетте өзіңіздің API-кілтіңізді, сынақ сұраныстары үшін кілт алдын ала қойылған құжаттаманы және пайдалану статистикасын көресіз. Тестілік кілт 500 тексеруге арналған және 6 ай жарамды. Алғаш кіргенде өз құпиясөзіңізді орнату қажет болады.
  3. Шарт және төлем. Интеграцияны тестілегеннен кейін өтінімде ЭЦҚ-мен қол қойылатын шарт жасалып, шот қойылады.
  4. Өндірістік режим. Төлем расталғаннан кейін кілт автоматты түрде өндірістік режимге ауыстырылады.

Техникалық сипаттамалар

  • Қорғалған HTTPS арқылы POST сұраныстар, деректер мен жауаптар JSON форматында.
  • Authorization: Bearer тақырыбындағы жеке кілт арқылы авторизация.
  • GTIN, GLN және басқа GS1 кілттерін тексеру (SSCC, GRAI, GIAI, GSRN, GDTI, GINC, GSIN, GCN, CPID, GMN, ITIP).
  • Лимит — минутына 60 сұраныс, бір сұраныста бірнеше нөмір жіберуге болады. Әр нөмір пакеттен бір тексеру ретінде есептен шығарылады.

Бастау

GTIN тексеру API-іне қол жеткізуге өтінім беру

Қосылу мәселелері бойынша: d.seitkanov@gs1.kz

 

 

Cookie файлы на сайте

Мы используем файлы куки, чтобы пользоваться сайтом было удобно