The Global Language of Business
KK

Тауарларды міндетті таңбалау: мерзімдер

Қазақстанда қандай тауарлар міндетті таңбалауға жатады және қай күннен бастап. Таңбалау басталғанға дейін GS1 Kazakhstan-да не істеу керек.

Міндетті таңбалауға жататын тауарлар тізбесі және оны енгізу күндері ҚР Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 26 мамырдағы № 199-НҚ бұйрығымен бекітілген (тізбе 2026 жылғы 30 маусымдағы № 215-НҚ бұйрық редакциясында). Төменде жақын мерзімдер берілген. Нақты тізбе ЕАЭО СЭҚ ТН кодымен анықталады, сондықтан тауарыңыздың кодын бұйрықпен салыстырыңыз.

Жақын мерзімдер

КүніТауарлар тобыЕАЭО СЭҚ ТН кодтары (негізгі)
2026 жылғы 1 желтоқсанЖеңіл өнеркәсіп, 1-кезек: былғарыдан жасалған киім, жасанды үлбір, жекелеген киім заттары, шаңғы костюмдері, төсек, дастарқан, дәретхана және ас үй жабдықтары4203 10, 4304, 6113, 6210, 6211 20, 6211 32, 6211 39, 6211 42, 6211 49, 6302
2026 жылғы 1 желтоқсанАсыл металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа бұйымдар, сағат корпустары мен баулары7113 11, 7113 19, 7114 11, 7114 19, 9111 10, 9113 10 100
2027 жылғы 1 наурызЖеңіл өнеркәсіп, 2-кезек: блузкалар, свитерлер, пальто мен күртелер, жейделер, шарфтар, галстуктар6106, 6110, 6201, 6202, 6205, 6206, 6211 33, 6211 43, 6214, 6215
2027 жылғы 1 наурызПарфюмерлік-косметикалық өнімдер, гигиена құралдары және тұрмыстық химия (алғашқы позициялар)бұйрық тізбесі бойынша
2027 жылғы 1 сәуірТұтынушылық қаптамадағы өсімдік майлары және май-тоң өнімдерібұйрық тізбесі бойынша
2027 жылғы 1 қыркүйекКондитерлік өнімдердің жекелеген түрлерібұйрық тізбесі бойынша
2027 жылғы 1 қазанЖеңіл өнеркәсіп, 3-кезек: трикотаж пальто мен күртелер, костюмдер, көйлектер, шалбарлар, спорттық костюмдер6101, 6102, 6103, 6104, 6105, 6112, 6203, 6204
2028 жылғы 1 ақпанОйыншықтар мен ойындардың жекелеген түрлерібұйрық тізбесі бойынша
2028–2029Косметика және тұрмыстық химия (қалған позициялар), сусындар, тағам және консервіленген өнімдербұйрық тізбесі бойынша

Темекі бұйымдарын, аяқ киімді, дәрілік заттарды, сыраны, мотор және жағармай майларын, биологиялық белсенді қоспаларды таңбалау қазірдің өзінде жүргізілуде.

Таңбалау басталғанға дейін GS1 Kazakhstan-да не істеу керек

  1. GS1 Kazakhstan-ға мүше болып, жеке кабинетте компания префиксін (GCP) алу.
  2. Компания карточкасында өнімнің негізгі түрін көрсету — Тауарлардың ұлттық каталогы (ҰКТ) тауар тобын осы бойынша анықтайды.
  3. Әр тауарға GTIN беріп, карточканы толық толтыру: атауы, бренді, өлшем бірлігімен көлемі немесе салмағы, GPC сыныбы, мақсатты нарық, фото (киім мен аяқ киім үшін фото міндетті емес). Ассортимент үлкен болса, Excel арқылы импортты пайдаланыңыз.
  4. Верификацияны күту: тексерілген деректер ҰКТ-ға және GS1 Registry Platform жаһандық тізіліміне автоматты түрде беріледі.
  5. Таңбалау кодтарын таңбалау ақпараттық жүйесінде (ТҚҚ АЖ) тапсырыс беру — бұл GS1 Kazakhstan-нан тыс жасалады.

Әр жеке модельге, өлшемге және түске бір GTIN беріледі. Сұрақтарыңыз болса, жеке кабинеттегі техникалық қолдауға немесе сайттағы байланыстар арқылы жазыңыз.

Cookie файлы на сайте

Мы используем файлы куки, чтобы пользоваться сайтом было удобно