The Global Language of Business
KK

GTIN карточкасын қалай дұрыс толтыру керек

GS1 Kazakhstan жеке кабинетінде тауар карточкасын толтыру ережелері: әр өріске не жазу керек және жиі кездесетін қателер.

GS1 Kazakhstan жеке кабинетіндегі GTIN карточкасының деректері Тауарлардың ұлттық каталогына (ҰКТ), GS1 Registry Platform жаһандық тізіліміне беріледі және Verified by GS1 сервисі арқылы сауда серіктестері мен маркетплейстерге көрінеді. Толық емес немесе қате карточка верификациядан өтпейді, ал тауар ҰКТ-ға түспейді және таңбалана алмайды.

Басты ереже: бір GTIN — тауардың бір нұсқасы

Сатып алушы сөреде ажырататын әр нұсқаға жеке GTIN қажет: басқа дәм, көлем, өлшем, түс, қаптамадағы саны. Киім мен аяқ киім үшін бұл үлгі, өлшем және түстің әр үйлесімі. Бір GTIN-ді басқа тауар үшін қайта пайдалануға болмайды.

Өрістерге не жазу керек

ӨрісҚалай толтыруДұрысҚате
Функционалдық атауыТауардың не екені, жалпы сөзбен, брендсіз және көлемсізШырын, Футболка, Сақина«Солнышко» шырыны 1 л алма
Бренд (тауар белгісі)Қаптамадағыдай марка атауы. Бренд болмаса — «Тауар белгісіз»Солнышко«Ромашка» ЖШС, жоқ
Суб-брендБренд ішіндегі желі, болсаKids—
Сипаттамасы / түріДәмі, үлгісі, түсі, өлшемі, материалы — осы GTIN-ді көршілерінен ажырататын белгіАлма, мөлдірленген; Ақ, 48 өлшем, 100% мақтаАтауды қайталау, бос өріс
Көлемі / салмағы / саныНетто саны және өлшем бірлігі. Бөлшек бөлігі нүкте арқылы1 л; 0.5 кг; 1 данаАтауда «1литр», бірліксіз 0,5
GPC жіктемесіGS1 жаһандық жіктемесінің ең нақты «бригі» (соңғы деңгейі)Жеміс шырындары (ішуге дайын)Жалпы «Өзгелер» бөлімі
Мақсатты нарықТауар сатылатын елдер. Міндетті өрісҚазақстан; Қазақстан, ӨзбекстанБос
Тауар фотосыҚаптаманың алдыңғы жағының ашық фондағы фотосы, JPG немесе PNG, 2 МБ дейін. Киім мен аяқ киім үшін міндетті емесАлдыңғы жағының анық фотосыКомпания логотипі, скриншот

Жиі кездесетін қателер

  • Бренд орнына компания атауы немесе атау өрісіне жазылған бренд.
  • Барлық өлшемдер немесе түстер үшін бір GTIN.
  • Өлшем бірлігі жоқ салмақ немесе көлем, нүкте орнына үтір.
  • Тым жалпы GPC сыныбы.
  • Мақсатты нарық толтырылмаған.
  • Компания карточкасында өнімнің негізгі түрі көрсетілмеген — онда тауар ҰКТ-ға қажетті тауар тобына берілмейді.

Жеке кабинетте карточка жарамсыз деп белгіленсе, оны ашып, осы жадынама бойынша өрістерді түзетіп, сақтаңыз. Ассортимент үлкен болса, Excel арқылы импортты пайдаланыңыз. Міндетті таңбалау мерзімдері — «Тауарларды міндетті таңбалау: мерзімдер» бетінде.

Cookie файлы на сайте

Мы используем файлы куки, чтобы пользоваться сайтом было удобно